І. Кіріспе
«Атырау облысы Мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының Атырау облысы мемлекеттік архиві» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
Штаттық кесте бойынша негізгі функционалды қызмет атқаратын 4 бөлім жұмыс істейді:
- Қазақстан Республикасының Ұлттық архив қорын сақтауды қамтамасыз ету және мемлекеттік есепке алу бөлімі;
- Ведомстволық архивтерді қалыптастыру және бақылау бөлімі;
- Құжаттарды пайдалану және жариялау бөлімі;
- Жаңа технология бөлімі.
Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының 1994 жылғы 27 желтоқсандағы Азаматтық Кодексінің 43 бабына, «Ұлттық архив қоры және архивтер туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 22 желтоқсандағы №326-І Заңына, Атырау облысы әкімдігінің 2019 жылдың 14 мамырдағы №96 «Кейбір коммуналдық мемлекеттік мекемелерді қайта ұйымдастыру» туралы қаулысына сәйкес «Атырау облысы Мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының Атырау облысы мемлекеттік архиві» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне Атырау қалалық, Жылыой аудандық, Индер аудандық, Исатай аудандық, Мақат аудандық, Махамбет аудандық, Құрманғазы аудандық, Қызылқоға аудандық мемлекеттік архивтері коммуналдық мемлекеттік мекемелерін қосу жолымен қайта ұйымдастырылды.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторингтің мәні:
Қазақстан Республикасының Ұлттық архив қорының құжаттарын жинау, жинақтау, сақтау, мемлекеттік есепке алу мен пайдалануды реттеу.
Келесі міндеттерді жүзеге асырады:
- Ұлттық архив қоры құжаттарының мемлекеттік есебін жүргізу, оларды сақтау, сақталуын қамтамасыз ету;
- Ұлттық архив қорының құжаттарын пайдалану;
- «Архивтік анықтамалар, архивтік құжаттардың көшірмелерін немесе архивтік үзінділер беру» түрі бойынша жеке және заңды тұлғаларға мемлекеттік қызмет көрсету.
2. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторингі «Атырау облысы Мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының Атырау облысы мемлекеттік архиві» коммуналдық мемлекеттік мекемесімен жүргізілді, e-mail: oblarhiv-atyrau@mail.ru, Атырау қаласы, Ж.Досмұхамбетов көшесі, 21, тел.: 8 (7122) 271258, 322141, 328488.
3. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторингті жүргізу кезеңі: басталды 05 қаңтар 2020 жылы аяқталды 10 қаңтар 2020 жылы.
4. Бақыланатын кезең: 2019 жылғы қызметі.
ІІ. Ақпараттық-талдамалық бөлім
Мемлекеттік органдар, ұйымдар, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметінде сыбайлас жемқорлықтың туындауының себептері мен жағдайын сипаттайтын сандық және сапалық көрсеткіштері.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы құқық қолдану тәжірибесі, сонымен қатар«Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің
2014 жылғы 26 желтоқсандағы №986 Жарлығы, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы№410-V Заңы Ұлттық архив қоры және архивтер қызметін жүзеге асыру үшін қарастырылған басқа да заңнамалар зерттелді.
Мекеме бұйрықтарына мониторинг өткізілді.
Талдау барысында мекеме шешімдерінде сыбайлас жемқорлық қауіптері анықталған жоқ.
2019 жылы Атырау облысы мемлекеттік архиві коммуналдық мемлекеттік мекемесінде және оның қалалық, аудандық филиалдарында «Архивтік анықтамалар, архивтік құжаттардың көшірмелерін немесе архивтік үзінділер беру» түрі бойынша жеке және заңды тұлғаларға 7896 мемлекеттік қызмет көрсетілді.
Бұқаралық ақпарат құралдарындағы жарияланымдар мен жеке тұлғалардың және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәселелер бойынша заңдылықтарын зерттеу.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг және бұқаралық ақпарат құралдарындағы жарияланымды зерделеу барысында сыбайлас жемқорлық көріністеріне қатысты сұрақтар туындамады.
2019 жылы «Архивтік анықтамалар, архивтік құжаттардың көшірмелерін немесе архивтік үзінділер беру» түрі бойынша 7896 мемлекеттік қызмет көрсетіліп, оның ішінде:
- 3852 қанағаттандырылды;
- 4044 түсіндірілді;
- 1598 басқа мекемелерге жіберілді.
- тоқтатылды - жоқ;
- қаралуда - жоқ.
Барлық өтініштер бұзушылықсыз қаралды.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәселелер бойынша шағымдар түскен жоқ.
Заңнамада белгіленген тәртіппен кінәлі деп танылған адамдардың қызметіндегі сыбайлас жемқорлықтың себептері мен жағдайларын зерттеу және бағалау.
Заңнамада белгіленген тәртіппен кінәлі деп танылған адамдар жоқ.
2019 жылдың 07 қазан айында Мекеменің қызметкерлері үшін сыбайлас жемқорлықтың айқындалуын және қоғамда сыбайлас жемқорлыққа төзімсіз атмосфераны қалыптастыруды ескертуге бағытталған сыбайлас жемқорлықпен күрес жөніндегі қолданыстағы заңнаманың негізгі өзгерістерін түсіндіру бойынша жиналыс өткізілді.
ІІІ. Қорытынды бөлімі
Қорытынды.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл субъектілері қабылдаған сыбайлас жемқорлыққа қарсы шараларды жақсарту бойынша ұсынымдар.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шараларын жүргізу (мониторинг, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдауды, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруды).
Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін жағдайлар мен себептерді анықтау және олардың салдарларын жою.
Жеке және заңды тұлғалардың өтініштері жөніндегі жұмыс үнемі бақыланады.
Мемлекеттік сатып алулар мен тендерлерді ұйымдастыру және оны өткізу кезінде мемлекеттік қызмет көрсетудегі сыбайлас жемқорлық заңнамасының талаптарын сақтауға бақылауды күшейту және қамтамасыз ету.