Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министірлігінің Архив, құжаттама және кітап ісі комитеті Атырау облысы әкімінің аппаратымен бірлесіп 2024 жылы 11 қазанда сағат 10.00-17.00 Атырау қаласында Ақтау, Ақтөбе, Батыс Қазақстан облыстарының жергілікті атқарушы органдардың басқармаларының, мемлекеттік архивтерінің басшылары мен қызметкерлерінің қатысуымен «Ведомстволық деңгейде құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету» тақырыбында өңірлік семинар ұйымдастырылды.
Семинар екі бөлімнен тұрады. Бірінші бөлігінде семинар модераторы Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Архив, құжаттама және кітап ісі комитетінің Ұлттық архив қорын пайдалану және мемлекеттік қызметтер басқармасының басшысы Хорлан Дауренқызы Даулетбаева семинарды ашып, құттықтау сөздер Атырау облысы әкімінің орынбасары Жасұлан Орақұлы Бисембиев мен Атырау облысы Цифрландыру және архивтер басқармасының басшысы Алмас Өтегенұлы Көпжанов бастайды.
Семинарда Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Архив, құжаттама және кітап ісі комитетінің Ұлттық архив қорын пайдалану және мемлекеттік қызметтер басқармасының басшысы Хорлан Дауренқызы Даулетбаева «Мекемелердегі құжаттардың сақталуы – азаматтардың конституциялық құқықтарын қорғаудың негізі», Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Архив, істері және құжаттаманы басқару комитетінің Мониторинг және мемлекеттік бақылау басқармасының басшысы Бабаев Ибраим Әлімханұлы «Ведомстволық деңгейде құжаттардың сақталуы мен мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру бойынша заңнама мен нормативтік құқықтық актілердің нормаларын түсіндіру», Атырау облысы мемлекеттік архиві Ұлттық архив қорын толықтыру және ведомстволық архивтермен жұмыс бөлімінің басшысы Нұржанова Райхан Құсайынқызы «Қолданыстағы нормативтік-құқықтық актілер, құжаттардың құндылығына сараптама жүргізу», Ақтөбе облысының мемлекеттік архивінің Ұлттық архив қорын толықтыру бөлімінің басшысыБабасова Аглен Мырзабайқызы «Ақтөбе облысының мемлекеттік архивінің жинақтау дереккөздері болып табылатын ведомстволық архивтердегі проблемалық мәселелер», Маңғыстау облысы мемлекеттік архивінің Ұлттық архив қорын толықтыру бөлімінің басшысыҚыздарбаева Ляззат Избасарқызы «Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасының Ұлттық архив қорын жинақтау факторлары», Батыс Қазақстан облысы мемлекеттік архивінің Ведомстволық архивтермен жұмыс бөлімі басшысының Қабдолла Самал Қабдоллақызы м.у.а.«Ведомстволық архив саласында туындаған мәселелер» туралы баяндама жасады.
Сондай- ақ, батыс өңіріндегі архив мекемелерінің жинақтау көздері тізіміндегі мұнай саласындағы архив ісін өркендетуді ұйымдастыру жұмыстарын заман талабына сай алдыңғы деңгейде жүргізіп келе жатырған Атырау мұнай газ өндіру зауыты ЖШС құжатпен қамтамасыз ету бөлімінің бастығы Мухлесова Анария Яуешқызы «Жәдігер құжаттарды сақтаудағы жаңа серпін»,«ТҰК Қазхром» АҚ архивариусДоскулова Ботагөз Серикбайқызы «ТҰК Қазхром АҚ ведомстволық архивінің құрылу тарихымен» видеопрезентация негізінде таныстырылды.
Семинардың екінші бөлігінде «Е-архив» ақпараттық жүйесінде жұмысты қамтамасыз ету», «Мемлекеттік бақылаудың негізгі өлшемшарттары» бойынша тақырыптары бойынша сұрақ-жауап негізінде өткізілді.
Семинардың негізгі мақсаты мемлекеттік архив және мекеме, ұйымдардың ведомстволық архив қызметкерлерінің біліктілігін арттыру, сондай-ақ архивтік құжаттарды қалыптастыру бойынша практикалық тәжірибе алмасу.
Семинар аясында ведомстволық архивтердің құжаттарын пайдалану бойынша заңнама мен нормативтік-құқықтық актілердің негізгі аспектілері талқыланды.