Шараның мақсаты: Әрбір ұлт тарихының қазынасы, тарихи шежіресі сақталған Қазақстан архивтерінің мемлекет тарихының қалыптасудағы рөлін көрсету және тарихты қаттап, жауапкершілікпен сақтап, ізденушілерге жол сілтеп отырған архивші мамандарды ұлықтау, жұмысшы — қызметкерлерді қошеметтеу, ерен еңбегімен танылған жандарды құрметтеу болып табылады.
Мерекелік шара 22 желтоқсанда Н.Жантөрин атындағы облыстық филармония залында өткізілді.
Салтанатты шараға Атырау облысы әкімі аппаратының басшысы Нұрлыбек Жеңісбекұлы, облыстық мәслихат өкілі, облыстық ардагерлер кеңесі төрағасы, Атырау облысы Цифрландыру және архивтер басқармасы, Атырау облысы мәдениет және тілдерді дамыту басқармасының басшылары, архив саласы ардагерлері мен облыстық, қалалық, аудандық архивтердің, мекемелер мен ұйымдардың қызметкерлері, бұқаралық ақпарат құралдары қатысты.
Мерекелік шараға қатынасушы қонақтардың назарына Атырау облысы мемлекеттік архивінде сақталған құжаттардан «Архив – тарих қазынасы» атты көрме ұсынылады. Көрмеге Атырау облысы мемлекеттік архивінің құрылу тарихына қатысты құжаттар, архив ісінен құжаттар Архив — 2025 жобасы аясында Жайық өзенінің батыс бөлігіне қазақтардың қоныстануы, Татарстан ұлттық архиві және Жәңгір Бөкеевке қатысты құжаттар, Татарстан ұлттық архивінен әкелінген құжаттар, Астрахань мемлекеттік архиві және Башқұртстан ұлттық архивінен әкелінген құжаттар қойылды.
22 желтоқсан — архившілер күніне арналған мерекелік шара барысында архив саласында ұзақ жылдар қызмет атқарған басшылар мен ардагерлер, бүгінгі таңда ел тарихын шашаусызсақтап отырған архивистер мен архив саласының қызметкерлеріне Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің, Атырау облысы әкімінің, Атырау облыстық Ардагерлер кенесінің, Атырау облысы мәслихатының,Қазақстандық салалық мәдениет, спорт, туризм және ақпарат қызметкерлерінің Кәсіптік Одағы қоғамдық бірлестігінің Атырау облыстық филиалының, Атырау облысы Цифрландыру және архивтер басқармасының, Атырау облыстық мемлекеттік архиві атынан марапаттар табысталып, шара соңында Н.Жантөрин атындағы облыстық филормония әншілерінің мерекелік концерттік бағдарламасымен аяқталды.