Меню KDT
АТЫРАУ ОБЛЫСЫ
МЕМЛЕКЕТТІК АРХИВІ

Жаңалықтар

«Мың бір мақал, жүз бір жұмбақ» интеллектуалды сайысы жүлдегерлерін құттықтау

Атырау облысы Мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының бастамасы бойынша Атырау облыстық ғылыми-әдістемелік халық шығармашылығы мен мәдени демалыс қызметтерін ұйымдастыру орталығының ұйымдастыруымен 28 сәуірде облыстағы мәдениет саласы қызметкерлерінің арасында облыстық «Мың бір мақал, жүз бір жұмбақ» интеллектуалды сайысы ұйымдастырылды. Осы сайысқа қатысқан Атырау облысы мемлекеттік архивінің анықтама бөлімінің архивистері Мейрамгүл Амантурлықызы мен Дина Шотаева жүлделі екінші орынды жеңіп алды.

Сіздерге шығармашылық табыс, бақыт пен береке тілейміз! Шығар шыңдарыңыз әрқашанда биік болғай.

 

Құрметпен, Атырау облысы мемлекеттік архивінің ұжымы

14.06
0


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь