Меню KDT
АТЫРАУ ОБЛЫСЫ
МЕМЛЕКЕТТІК АРХИВІ

Жаңалықтар

«Атырау өңірі Ұлы Отан соғысы жылдарында» атты іс-шарасы туралы

Шараға Облыстық ардагерлер Кеңесі төрағасы орынбасары С.Қ.Мұхамбетов, Атырау облысы Қорғаныс Істері жөніндегі департаменті басшысының орынбасары Ж.А.Сатыбалдиев және облыс архившілері қатынасты.

Елдегі карантин жағдайына байланысты жоспарлы іс-шара шағын ғана топпен өткізілді. Ұлы Жеңістің 76 жылдығына «Атырау өңірі Ұлы Отан соғысы жылдарында» атты іс-шараны өткізудегі мақсат — бүгінгі ұрпаққа соғыс жылдарында ерлік пен еңбектің баға жетпес үлгісін көрсеткен аға ұрпақтың ерлігіне құрмет, жастарға тәрбие деп есептейміз.

Шара барысында архивтік құжаттардан «Атырау өңірі Ұлы Отан соғысы жылдарында», «Шешуші ұрыс болған Сталинград майданы» атты көрме таныстырылды.

Көрмеде Гурьев облысы соғыс жылдарында мобилизация және эвакуация орталығы болғандығын, жау қолында қалған аймақтардан стратегиялық объектілерді, оның ішінде бірнеше зауыттардың құрал-жабдықтарын әкеліп, оларды өте қысқа мерзімде майдан қажетіне жұмылдыруды ұйымдастыруы, оннан астам эвакогоспиталдарды орналастырылуы, КСРО Қорғаныс Комитетінің шешімімен «Гурьев-Қандағаш» теміржолы іске қосылып, «Гурьев-Астрахань» (Досанг) теміржол құрылысын салу туралы, т.б. тарихи оқиғалар арқылы атыраулықтардың Жеңіске қосқан үлесі жайлы архивтік деректер қойылды. Сонымен қатар, Жеңістің 76 жылдығына архив қорындағы құжаттар арқылы көрме дайындап, оны электронды форматта он-лайн түрінде әлеуметтік желілерге салып көрсетуде.

Ұлы Отан соғысы тақырыбында архивтік деректерден құжаттық жинақ шығаруда жауапты құрастырушы және Қазақтың Ұшқыш қызы Хиуаз Доспановамен көзі тірісінде жүздескен, оның туыстарымен, замандастарымен, ҚР Орталық, ҚР Президенті, Батыс Қазақстан архивтерімен байланысып, архивте жеке тектік құжаттарын ашуға көп жыл еңбек еткен бөлім басшысы Райса Кенжеғұлқызы Тастемированы «Халық қаһарманы және қоғам қайраткері, офицер-ұшқыш Хиуаз Доспанова» атындағы медалімен марапаттады.

14.06
0


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь